«ВМП АСТАНА» ЗАУЫТЫ 14-15 ТАМЫЗДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
«ВМП Астана»» зауыты 14-15 тамызда «Жайлы мектеп» көрмесіне қатысты
«ВМП Астана» зауыты елорда әкімдігінің қолдауымен 14-15 тамызда Астанада өткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында отандық өндірушілердің мамандандырылған тауарлар көрмесіне қатысты.
Кәсіпкерлер Қазақстанда өндірілетін тауарлар: құрылыс материалдары, жиһаз, электроника, жылыту жүйелері, есепке алу және автоматтандыру аспаптарын ұсынды.
Көрме екі күнге отандық өндірушілер мен сала мамандарының диалогы, білім беру мекемелерін жабдықтау мен салуға арналған заманауи технологияларды, материалдар мен жабдықтарды көрсету алаңына айналды.
«Бізді осы көрмеге қатысуға шақыру - Қазақстан үшін қазіргі заманғы мектептерді салу кезінде қорғаныш жабындарының өзіндік ғылымды қажетсінетін өндірісінің маңыздылығын аңғартады. «ВМП Астана» зауыты бірегей жоғары технологиялық кәсіпорын және біздің өнім сапасы жағынан шетелдік үлгілерден кем түспейді», - деп атап өтті «ВМП Астана» зауыты директорының орынбасары Гүлмира Баймағанбетова.
«ВМП Астана» стенді Қазақстандағы алғашқы отандық қорғаныс жабындарын өндіруші ретінде көрмеге келушілердің назарын аударды. Стендтің барлық қонақтарына «ВМП Астана» командасы шығарылатын өнімдер, пайдаланылатын технологиялар және біздің тауарларды қолдану тәжірибесі туралы айтып берді. Құрылыс бизнесінің өкілдері мен мамандары визиткалармен алмасып, ынтымақтастық туралы келісті.