ВМП АСТАНАНЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ
ВМП Астананың бірінші жылын қорытындылаймыз
Осыдан бір жыл бұрын, 2022 жылғы 19 тамызда Қазақстандағы отандық металл мен бетонға арналған бірегей инновациялық қорғаныс жабындарының жалғыз өндірісі - ВМП Астана зауытының салтанатты ашылуы өтті.
Зауыттың өнімдері – тоттануға қарсы жабындар, отқа төзімді құрамдар және полимерлі едендер – жоғары еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті. Зауытта шығарылатын материалдардың бірегей қасиеттері бар: тоттану мен оттан кешенді қорғау, қызмет ету мерзімін 30 жылға дейін және оттан қорғау тиімділігін 150 минутқа дейін қамтамасыз етеді.
ВМП Астана зауыты Оңтүстік Корея, Италия және Германия өндірісінің жоғары технологиялық жабдықтарымен жабдықталған. Бүгінде өнім шығару үдерісі барынша автоматтандырылған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 5 мың тоннадан астам.
Бір жыл бұрын зауыттың ұжымы 40 адам болды. Бүгінде зауытта 100-ге жуық қызметкер жұмыс істейді: жоғары білікті басқару, инженерлік-техникалық, өндірістік және көмекші персонал. Кәсіпорын өндірісін бір минутқа да тоқтатпай, тәулік бойы жұмыс істейді. Өткен жылы зауыт бірнеше көрмелер мен конференцияларға қатысып, қазақстандық кәсіпорындармен және бизнеспен ынтымақтастық орнатты. Бұдан басқа «ВМП Астана» бірқатар сертификаттар мен аудиттерден өтті, СМЖ енгізді, индустриялық сертификат, шығарылатын өнімге CT KZ сертификаттарын алды.
Бүгінде зауыт металл мен бетонды қорғау саласындағы түрлі сарапшылар мен мамандардың диалог алаңына айналуға ұмтылуда. Мәселен, көктемде ВМП Астана зауыты мұнай саласы компаниялары мен жобалау институттары үшін конференция ұйымдастырды. Конференцияға қатысушылар ВМП материалдары негізінде қорғаныс жабындары саласындағы тиімді шешімдермен таныстырылды. Сонымен қатар қорғаныс жабындарын қолдануды реттейтін қолданыстағы нормативтік құжаттар, сондай-ақ мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру, жобаларды техникалық сүйемелдеу және аудит жүргізу мәселелері көтерілді. Қонақтарға зауытқа экскурсия ұйымдастырылды.
Айта кету керек, бір жыл ішінде зауытқа таныстыру экскурсиясымен 100-ден астам мамандар мен серіктес компаниялардың өкілдері келді. Қонақтар кәсіпорындағы қуаттылық пен өндірістің жоғары мәдениетін жеке бағалай алды, шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау қалай жүргізілетінін көре алды, зертханалардың мүмкіндіктерімен және ВМП технологиялық әзірлемелерімен танысты.