ЗАУЫТ ДУШАНБЕДЕГІ «ЭКСПО ОРТАЛЫҚ АЗИЯ-2023» КӨРМЕСІНДЕ ӨЗ ӨНІМДЕРІН КӨРСЕТТІ
Зауыт Душанбедегі «ЭКСПО Орталық Азия-2023» көрмесінде өз өнімдерін көрсетті
ВМП Астана зауыты 14-15 қыркүйекте Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Орталық Азия тауар өндірушілерінің көрмесіне қатысты. Бірінші күні көрмені Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары аралап шықты.
Қазақстанның алаңында металлургия, химия, жеңіл, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машина жасау және т.б. 130-дан астам кәсіпорындар ұсынылған.
Көрмеге ВМП Астана зауыты да өз өнімдерімен қатысты. Біздің өндіріске тоттануға қарсы және отқа төзімді материалдарға қызығушылық білдірген көрмеге қатысушы елдердің өнеркәсіптік секторымен келгендер айрықша назар аударды.